$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Аргентинада президенттің қатаң үнемдеу саясатына қарсы шеру өтті

13.09.2025ж. 21:32
Аргентинада президенттің қатаң үнемдеу саясатына қарсы шеру өтті

Аргентина астанасында мыңдаған адам президент Хавьер Милейдің қатаң үнемдеу саясатына қарсы шеру өткізді, деп хабарлайды Astana TV

Наразы топ мемлекет басшысының денсаулық сақтау мен білім салаларындағы шығындарды қысқартқанына қарсы шықты.

Бұған дейін Конгресс университеттер мен балалар ауруханаларын қайта қаржыландыру туралы заң қабылдағанымен, президент оған вето қойған. Осыдан кейін зейнеткерлер, мұғалімдер мен дәрігерлердің наразылығы күшейді.

Әсіре оңшыл Милей жүргізіп отырған саясат 2023 жылдан бері инфляцияны төмендеткенімен, әлеуметтік саланың жағдайын әлсіреткені айтылуда.