Қазақстанның бірқатар өңірінде 14 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Astana TV.
Атырау облысы – төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы – орталықта және солтүстікте шаңды дауыл, жел 15–20 м/с, өңірде төтенше өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысы – кей жерлерде найзағай, батыста жел 15–20 м/с, Ақтауда түнде найзағай күтіледі.
Жамбыл облысы – таулы аудандарда найзағай, желдің екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Түркістан облысы – жел 15–20 м/с, шаңды дауыл болуы ықтимал.
Қостанай облысы – түнде және таңертең тұман, солтүстік-батыста –3°С дейін аяз.
Солтүстік Қазақстан облысы – түнде және таңертең тұман, солтүстік пен батыста –2°С аяз.
Ақмола облысы – түнде және таңертең тұман, кей аймақтарда –3°С дейін аяз.
Қарағанды облысы – түнде және таңертең тұман, солтүстікте –2°С аяз. Кей аймақтарда желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.
Ұлытау облысы – жел 15–20 м/с, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы – жел 20–25 м/с, кей жерлерде туман.
Абай облысы – түнде батыста –2°С аяз, күндіз жел 15–20 м/с.
Жетісу облысы – Алакөл көлдері маңында күндіз желдің екпіні 28 м/с дейін күшейеді.
Түнде және таңертең тұман, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.