$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Жібек Құламбаева алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды

14.09.2025ж. 15:39
Жібек Құламбаева алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Хучжоу (Қытай) WTA 125 турнирінің финалында үздік шықты.
Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец жапониялықтар Момоко Кобори — Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Қазақстандық-словениялық жұп екінші сетте де қарқынын төмендеткен жоқ — 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Құламбаева — Эрьявец 11 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Жапониялық дуэт 3 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.