$540.84 €634.46 ₽6.43
×

Астанада БҰҰ-ның геокеңістіктік ақпаратты басқару мәселелері бойынша субөңірлік семинары өтуде

Астанада БҰҰ-ның геокеңістіктік ақпаратты басқару мәселелері бойынша субөңірлік семинары өтуде

2025 жылғы 15–19 қыркүйек аралығында Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдері мен көршілес мемлекеттер үшін БҰҰ-ның геокеңістіктік ақпаратты басқару мәселелері бойынша субөңірлік семинары өтуде.

Іс-шара тақырыбы: «Геокеңістіктік стратегияларды іске асыру: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер».
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, БҰҰ-ның жаһандық геокеңістіктік ақпаратты басқару жөніндегі сарапшылар комитеті (UN-GGIM), сондай-ақ БҰҰ-ның геокеңістіктік ақпарат жөніндегі жаһандық білім және инновациялар орталығы (UN-GGKIC).

Бес күн бойы Қытай, Түркия, Грузия, Иран, Непал, Пәкістан, Армения, Бутан, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстаннан келген 10-нан астам елдің сарапшылары мына мәселелерді талқылайды:
• елдердің геокеңістіктік деректер саласындағы ұлттық басымдықтары мен тәжірибесі;
• БҰҰ-ның біріктірілген геокеңістіктік ақпаратты басқару жөніндегі Негізгі бағдарламасын (UN-IGIF) енгізу;
• орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу үшін кеңістіктік деректерді пайдалану;
• институционалдық және кадрлық әлеуетті дамыту;
• өңірлік ынтымақтастық, деректердің сапасы мен қолжетімділігі;
• геодеректер саласындағы қаржыландыру мен әріптестіктің инновациялық тәсілдері.
Семинар жұмысына (UN-GGIM, UN-GGKIC, UNDP, FAO, UNODC, ESRI) халықаралық ұйымдары, (ҰЭМ, ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі, ЭТРМ, ҰКҚР, ТКШК, ҰҒКӨИ, ГИСХАГИ, ГипроЗем, Мемқалакадастр, «Қазақстан Ғарыш Сапары») сынды мемлекеттік органдар, сондай-ақ академиялық орта мен жеке сектор өкілдері қатысуда.