$541.18 €636.05 ₽6.52
×

«Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды

«Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды

Ауылдық және шалғай өңірлердің тұрғындарынs4 сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Онлайн медицина» пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның басты міндеті — ауыл тұрғындарына білікті бейінді мамандардан қашықтықтан кеңес алуға, онлайн-диагностикадан өтуге, уақтылы емделуге және қажет болған жағдайда пациенттерге қашықтықтан медициналық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін телемедициналық технологияларды енгізу.

Жоба еліміздің сегіз өңірін — Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын қамтиды. Оған әртүрлі деңгейдегі 100 медициналық ұйым қатысады. Үйлестірушіcі – Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы.

Жоба ауылдық өңірлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, консультациялар мен емдеуді күту мерзімін қысқартуға, халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға және тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Онлайн медицинаны» енгізу денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болады. Бұл ауыл тұрғындарына дәрігерлердің кеңестеріне және зерттеп-қарауларға өз ауданынан шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндік береді.