Таразда мектеп оқушысы қаза тапты. Бұл -оқу жылы басталғалы болған үшінші қайғылы жағдай. Осыдан екі күн бұрын Шу ауданында 16-17-дегі жасөспірімдер төменгі сыныптың баласын ұрып өлтірген. Енді бүгін қаладағы мектептердің біріндегі әжетханада төбелес болып, тағы бір 9 сыныпта оқитын оқушы жан тапсырды. Екі оқиғаға қатысты күдікілердің барлығы ұсталып, қамауға алынды.
Шу ауданында 10 және 11 сынып оқушылары арасындағы футбол ойынынан кейін жоғары сыныптың үш оқушысы мектеп маңындағы дүкен қасына жиналып, қарсылыстарын ұрып-соққан. 15 жастағы оқушы кеудесіне соққы тиіп, есінен танып қалған көрінеді. Ол үйіне жеткеннен кейін өзін жайсыз сезінген, басы айналып, лоқсып, тынысы тарылып құлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін жасөспірім жан тапсырған. Ал бүгін Тараздағы нөмірі 47 мектепте бірінші сабақ аяқталған соң, қоңырау кезінде әжетханада 9 сынып оқушысы сыныптасын ұрып өлтірген.
АЙЖАН МЕЙІРХАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
9 сынып оқитын 15 жасар баланың қайтыс болуына байланысты, топ құрылып, осы жағдай зерделенді, қаралды іс қозғалды. Перемен кезінде болып тұрған нәрсе. Әжетханаға барған ғой балалар.
Тәртіп сақшылары Шудағы жағдайға байланысты кәмелет жасына толмаған бес күдіктіні ұстаған. Ал бүгінгі қанды қылмысқа қатысы бар деген тағы бір оқушы қамауға алынды.
БАЙЖАН БАЙГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Аталған дерек бойынша ҚР. ҚК 106 бабының 3 бөлігіне сәйкес сотқа дейінге тергеп тексеру басталды. Қазігі уақытта қылмысты толық объктивті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел тергеу іс шаралары жүргізілуде.
Өңірлік бала құқығы жөніндегі уәкіл оқушылар арасындағы әлімжеттік әрекеттің жай жапсырын анықталғанға дейін барлығын бақылауда ұстаймыз деп отыр.
ДӘУРЕН БАҒЖАНОВ, БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ:
Бақылауда ұстаймыз заң бойынша ары қарай қаралды ма? Дұрыс шешім қабылданды ма? Бәрін біз дер кезінде бұл ақпараттың бәрін бала құқығы жөніндегі республикалық уәкілі Закиеваға жеткіземіз.
Қайғылы жағдай болған екі мектептің басшылығына қатысты тергеу басталған. Күдіктілер толық жазаланады дейді құзырлылар.