$540.84 €634.46 ₽6.43
×

«AMANAT» партиясы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ұжымымен Президент Жолдауын талқылады

«AMANAT» партиясы «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ұжымымен Президент Жолдауын талқылады

«AMANAT» партиясымүшелері «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС ұжымымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Партия бастамасымен ұйымдастырылған жиында зауыт қызметкерлері Президент айқындаған әлеуметтік-экономикалық басымдықтардың компания үшін бағдар болатынын атап өтіп, осы бағытта белсенді үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.

Кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді талқылау болды. Жиында құжатта айқындалған жаңа бастамалардың ел экономикасын әртараптандыру және өнеркәсіп әлеуетін күшейту үшін стратегиялық маңызы зор екені атап өтілді. Әсіресе, цифрландыру мен жасанды интеллектке негізделген шешімдердің мұнай өңдеу саласында өндірістік тиімділікті арттырып, бәсекеге қабілеттілікті жаңа деңгейге көтеретіні баса айтылды.

Жалпы талқылаудан кейін«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев зауыт басшыларымен жеке кездесіп, кәсіпорынның даму жоспарлары мен Жолдауда белгіленген міндеттердің орындалу жолдарын талқылады. Әңгімелесу барысында ол «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Президенті Цзянь Жюаньмен, бірінші вице-президент әрі атқарушы кеңесінің мүшесі Бахыт Ерегеновпен пікір алмасты.

 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтары айқын көрсетілді. Оның ішінде цифрлық технологияларды енгізу, өндірістегі еңбек өнімділігін арттыру және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер ашу – біздің өңіріміз үшін де стратегиялық мәнге ие. Бастысы, Жолдау – әрбір еңбек ұжымына нақты бағдар, ал оны орындау ісіне «AMANAT» партиясы барлық деңгейде қолдау көрсетеді», – деді Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев.

 

Компания президенті Цзянь ЖюаньМемлекет басшысының Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және өңдеу саласын дамытуға қатысты бастамаларды маңызды әрі өзекті деп санайды. Оның айтуынша, бұл бағыттар елдің әлеуетін арттырып қана қоймай, өнеркәсіп пен азаматтардың игілігіне қызмет етеді.

 

 

«Мемлекет басшысы Жолдауында ел экономикасын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Қазір елімізде инфрақұрылымға қомақты инвестиция салынып, жаңа өндіріс орындары ашылып жатыр. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жасалып жатқаны айдан анық.Біз үшін ерекше мәні бар тағы бір тұс –азаматтарды өндіріс саласына шақыруы. Өйткені өндіріс – елдің тірегі, ал еңбек адамы – мемлекеттің басты күші. Бұл қадам Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтереді.Президенттің «иесін тапқан жер – өндірістің ошағына, инвестиция көзіне айналуы қажет» деген пікірі де біз үшін бағдар. Шын мәнінде, жер де, еңбек те дұрыс игерілгенде ғана ел дамуына қызмет етеді.Осы тұрғыдан алғанда, біздің компания Жолдауда белгіленген міндеттерді қолдай отырып, оларды жүзеге асыруға өз үлесін қосуға дайын», - деді ол.

 

Ал бірінші вице-президент Бахыт Ерегеновөз сөзінде цифрлық шешімдер мен инновациялық тәсілдер мұнай өңдеу саласына да аса қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, өндіріс үдерісін автоматтандыру қауіпсіздікті арттырады, ал жасанды интеллектті енгізу шығындарды азайтып, сапаны жаңа деңгейге көтереді.

Сондай-ақ кездесу барысында Мұрат Жолдыхожаев «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясының 40 жылдық мерейтойымен құттықтап, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың және өз атынан алғыс хаттарды табыстады. Ол серіктестік жанынан бастауыш партия ұйымын құру жөніндегі ұсынысын білдірді.

 

«AMANAT»– партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық тірегі. Осы ретте сіздерді де ортақ мақсатқа үлес қосып, ел дамуына серіктес болуға шақырамын», – деді Мұрат Жолдыхожаев.

 

Компания басшылығы бұл ұсынысты құптап, партиямен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Жиын соңында бастауыш партия ұйымдарының міндеттері түсіндіріліп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Осылайша, серіктестік жанынан жаңа бастауыш партия ұйымын құру туралы ортақ келісімге келді. Бұл қадам еңбек ұжымының саяси белсенділігін арттырып қана қоймай, Жолдауда айқындалған стратегиялық бағыттардың жүзеге асуына өз үлесін қосатын маңызды бастама болмақ.