$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайына қатысты шешім шықты

15.09.2025ж. 19:00
Блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайына қатысты шешім шықты

Блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайына қатысты шешім шықты. Іс толығырақ қайта қаралуы үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Ерлі-зайыпты онлайн-курстарды сату арқылы ақшалай сыйлықтар мен автокөліктер ұтысын ұйымдастырған. Бұл әрекеттер заңнамаға сәйкес “лотерея қызметін заңсыз жүргізу” ретінде бағаланып, әкімшілік емес, қылмыстық сипатқа ие болуы мүмкін. Енді істі құқық қорғау органдары қылмыстық-процессуалдық тәртіпте қарайды. Өйткені Ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі блогердің әрекеттерінде алаяқтық белгілері бар дейді.