Қарағандылық полицейлер Telegram платформасындағы күмәнді аккаунттарды жабуды ұсынды. Дәл осы месседжер арқылы жасалатын есірткі қылмысы көбейген. Наркодиллерлер жастарды көп тартады. Бүгін «Жаңа түрдегі есірткілер мен жастар арасындағы нашақорлық проблемасы» аймақ жастары арасында талқыланды. «Заң және тәртіп» акциясы аясындағы шараларға жастармен бірге полицейлер, прокурорлар мен психологтар белсене қатысуда.
Алғашқы кездесу Қарағанды техникалық- құрылыс колледжінде өтті. Жастар ресурстық орталығы мен полиция департаментінің қызметкерлері студенттерге әлеуметтік қауіптен сақтану жолдарын түсіндірді. Мамандардың айтуынша биыл есірткіні сақтау және таратумен 11 жас сотталған. Олар - орта және жоғарғы оқу орындарының студенттері. Көбі 7 ден 15 жылға дейін қамалады.
БАҚЫТЖАН МҰСТАФАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Осындай желі жүйелерінде олар жаңағы өте жеңіл жолы ақша табудың. Мысалы 1 аптада 500 мың, 300 мың теңге ақша көрсетіп жатыр. Жастарымыз соған алданып қалып жатыр.
Жастар арасындағы буллинг тақырыбы Қарағанды тамақтану және сервис колледжінде талқыланды. Психологиялық қысымнан жыл сайын ондаған жас зардап шегеді.
ӘЛИЯ АСҚАМБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ:
Жасөспірімдер бұл мәселені өз беттерімен шеше алмайды.Сондықтан авториторлы үлкен адамнан яғни, мектептің немесе оқу орнының психологынан көмек сұрау қажет.
Ал Шахтинскде «вейпті тапсыр- денсаулықты» таңда акциясы басталды. Прокуратура мен еріктілер қабылдау бөлімшелер ұйымдастырып, оларда кез келген адам вейп, электронды құрылғыларын тапсыра алады. Мақсат -салауатты өмір салтына шақыру.