Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысын қабылдады. Кездесу барысында Президент ұйым басшысына дінаралық диалогты нығайтуға және бейбітшілік пен келісімді насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.