Елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған түбегейлі цифрлық өзгерістер қажет. Осыған байланысты елордада Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған «Президент жолдауы – Қазақстан дамуының векторы» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында Жолдауда айтылған негізгі басымдықтар талқыланып, сарапшылар мен қоғам өкілдері міндеттердің орындалу жолдарын қарастырды.
СӘЛІМБАЙ ШОНИЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгінгі дөңгелек стол бізге жолдаудың негізгі тұстарын саралап, оның мазмұнын кәсіби, сарапшылық және қоғамдық тұрғыдан талқылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар азаматтық қоғамның осы міндеттерді іске асырудағы рөлін қарастыруға жол ашады.