$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Колледждермен әріптестік орнатқан кәсіпорындар саны артты

15.09.2025ж. 19:00
Колледждермен әріптестік орнатқан кәсіпорындар саны артты

Елімізде колледждермен әріптестік орнатқан кәсіпорындар саны артты. Бұл-жұмысшы мамандық бағытында оқып жатқан шәкірттер жұмыссыз қалмайды деген сөз. Қостанай автомобиль көлігі колледжі өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындармен әріптестік орнатқан. Оқу орынында 1500-ге жуық бала оқиды. Колледжде мақсатты топтар бар.Яғни  меморандум шеңберінде белгілі бір кәсіпорынға қажетті мамандар оқытылады. Олар өндірістік  практикадан өтіп,  оқу бітірген соң жұмысқа қабылданады.

АРСЕН ҚАРЫМСАҚОВ, СТУДЕНТ:

Біздің колледж сол компаниялармен келісім-шартқа отырған. Мысалы біз осы оқуды бітіріп, сол компанияда жұмыс істей аламыз. Жақсы ақша тауып және де сол жерде тағы оқуымызды жетілдіре  аламыз мамандығымыз  бойынша.

ЕЛДИЯР АЗБЕРГЕНОВ, КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫСЫ:

Біздің колледж Қазақстан бойынша бүкіл ірі өнеркәсіптермен жұмыс істеп жатыр.Көбінесе машина жасау зауыттарымен жұмыс істеп жатыр және біздің студенттеріміз жалпы 3 курстан бастап, осы өнеркәсіптерде жұмысқа тұрып жатыр.Одан кейін оқуды аяқтағаннан кейін кәдімгі дайын маман ретінде жұмысқа орналасады.