$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Бүгін Қазақстанда алғаш рет санэпидемиологтер күні аталып өтуде

AstanaTV
15.09.2025ж. 19:00
Бүгін Қазақстанда алғаш рет санэпидемиологтер күні аталып өтуде

Бүгін елімізде санитарлық-эпидемиологиялық сала қызметкерлері алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтуде. Осыған орай мерекелік шара өтіп, онда саналы ғұмырын халық денсаулығы мен санитарлы тазалыққа арнаған ардагерлер мен қызметкерлер ұлықталды. Жиналғандар алдымен Сovid пандемиясы кезінде қаза болған әріптестерінің рухына  тағзым етіп, қиын жағдайда халықпен бірге болған ерең еңбектерін еске алды. Жалпы, елімізде 12 мыңнан аса СЭС қызметкері бар.  Денсаулық сақтау министрі мамандардың тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде бар күшімізді саламыз деді.

ҚАСЫМЖАН ТАШМЕТОВ, САЛА АРДАГЕРІ:

Тек қана тазалық емес, мысалы шамның жарығы қалай тұру керек, мектеп партасының биіктігі, терезеден түсетін жарық қандай болуы керек, оқушының партасы тақтадан неше метр болуы керек соның барлығы да медико-педагогический дейтін бізде, соның талаптар болатын, міне, ал балабақшада өзінің ерекшеліктері бар.