$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Ұлттық музейде қасиетті кітаптар көрмесі ашылды

Ұлттық музейде қасиетті кітаптар көрмесі ашылды

Әлемдік діндердің қасиетті кітаптары мен өзге бұйымдары көрмеге қойылды. Елордадағы Ұлттық музейде ерекше шара басталды. Құран Кәрім, Інжіл мен Тәурат және өзге кітаптың сирек кездесетін түпнұсқалары еліміздегі бірнеше мұрағаттан жиналып, көпшілік назарына ұсынылды. Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары және 2-і жас дін лидерлері сьездерінің қарсаңында жиналған қонақтар мен дипломатиялық өкілдер таңданысын жасырмады. Сирек кездесетін мұраларды көпшілік 25-і қыркүйекке дейін көре алады.

АҚМАРАЛ ИБРАЕВА, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Енді осы діндердің, жалпы қоғамда алатын орны, олардың адамзаттың жалпы, игіліктеріне, осы діндердің әсері жаһандану, технология және технократия кезеңінде дін мен руханияттың ықпалы құндылық жағынан өте қажет.