Елордада жүз ағаш егілді. Оны "Таза Қазақстан" акциясы аясында «AMANAT» партиясы әйелдер қанатының белсенділері екті. Биыл бас қалада 10 мыңға жуық ағаш пен 70 мың көпжылдық бұта отырғызу жоспарланған. Соның бүгінде 50 пайызы орындалған. Жоспарды күздің соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
ӘЛИЯ ӘБСЕМЕТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Шараның мақсаты -қоғамға, болашақ ұрпаққа пайда келтіру. Сіз өз қолыңызбен егесіз, оны үнемі келіп баптап отыруыңызға мүмкіндігінңіз болады. Осы арқылы сіз қоғам өміріне араласа аласыз. Жан-жағыңызға жылу сыйлайсыз.