$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Қызылжарда мамонттың бір метрлік сүйегі табылды

Қызылжарда мамонттың бір метрлік сүйегі табылды

Қызылжарда мамонттың бір метрлік сүйегі табылды. Бескөл ауылының тұрғыны оны Есіл өзенінің жағасында балық аулап жатқан кезде байқап қалған. Өзен суы топырақты шәйіп, ішінен алып сүйектің шеті шығып тұрса керек. Ізінше жергілікті археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп, бұл мамонттың жамбас сүйегі екенін анықтаған. Сала мамандары ежелгі жануарды кейінгі палеолит кезеңіне жатқызады. Оның биіктігі 5 метр, ал салмағы шамамен 20 тонна болған, деп топшылайды. Археологтар жақын арада қазба жұмыстарын күрделі түрде қолға алуды жоспарлап отыр.

АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, АРХЕОЛОГ:

Қазба жұмыстарын келесі жылы жүргіземіз. Ол жерде мамонттың бүтіндей қаңқасы жатуы мүмкін. Одан бөлек, еңбек құралдарын да табамыз деген үміт бар. Жалпы біздің өңірде палеолит кезеңінін жәдігерлері жоқтың қасы. Сондықтан мамонттың алып сүйегі біз қатты таңқалдырды.