$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Қазатомөнеркәсіп отандық тауарөндірушілерді қолдауды жалғастыруда

16.09.2025ж. 10:27
Қазатомөнеркәсіп отандық тауарөндірушілерді қолдауды жалғастыруда

«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ импортты алмастыру бағдарламасын жүйелі түрде жүзеге асырып, отандық өнім үлесін арттыруға және жергілікті кәсіпорындармен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етуде, деп хабарлайды Astana TV.

Екінші жыл қатарынан тауарөндірушілермен дөңгелек үстел өткізіліп, онда сатып алуға қатысу, қолдау шаралары, өзара іс-қимыл тетіктері және локализацияның болашағы талқылануда.

2019 жылдан бері импортты алмастыру бағдарламасының оң динамикасы байқалады, жалпы сомасы 38 млрд теңгеден асатын оффтейк-келісімшарттар жасалды.

Компания сондай-ақ Қазақстан машина жасаушылар одағымен белсенді ынтымақтасып, өндірістік қуаттарды жаңғырту мен дамытуға қолдау көрсетуде.