$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Газ жарылып, 15 адам көз жұмды

AstanaTV
16.09.2025ж. 13:05
Газ жарылып, 15 адам көз жұмды

Мехикода 10 қыркүйек күні сұйытылған газ толтырылған автоцистерна жарылды, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға салдарынан мерт болғандар саны 15-ке жетті, 38 адам ауруханада жатыр. Бұл туралы Мексика астанасының денсаулық сақтау министрі Надин Гассман мәлім етті.

- Бізге тағы бір адамның мерт болғаны хабарланды. Осылайша, құрбандар саны 15-ке жетті, - деп келтірді Гассманның сөзін La Razon басылымы. 

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Мехиконың Истапалла ауданындағы жолайырығында сұйытылған газ құйылған көлік жарылды. 20-дан астам көлік жанып кетті, жақын арада тұрған ғимараттарға зақым келді.