$541.18 €636.05 ₽6.52
×

«ҚОҚЫС» атты жаңа телехикаяның түсірілімі басталды

16.09.2025ж. 12:48
«ҚОҚЫС» атты жаңа телехикаяның түсірілімі басталды

“Астана” телеарнасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «ҚОҚЫС» атты жаңа көркем телехикая түсірілімін бастады. 

Телехикаяда ерекше қабілеті бар жас жігіттің туған ауылын өзгертуді мақсат еткен тағдыры туралы баяндалад. Бұл оқиғада махаббат, драма, күлкілі жағдайлар мен тіпті экшн элементтері ұштасқан.

Жобаны “JANA MEDIA” продюсерлік орталығы жүзеге асыруда. Идея авторы — белгілі продюсер, “Salem Social Media” жобасының негізін қалаушылардың бірі Рустам Юсупов. Сценарий авторлары — Медет Қалибеков пен Аубакир Емілбай. Сонымен қатар, Медет Қалибеков бас режиссер қызметін де атқарды. Бас продюсер — Александр Аксютиц. Шоураннер — Владимир Петров.

Сюжет нақты оқиғаларға негізделген. Жоба экологиялық мәселелерді қозғайды және “Таза Қазақстан” президенттік бастамасын қолдау мақсатында түсірілуде.

Сондықтан «ҚОҚЫС» — бұл табиғатты ластайтын қоқыс туралы ғана емес, ең алдымен адамның қоршаған ортаға қатысты варварлық әрекеттерінің түп-төркінін көрсететін оқиға.

Телехикая осы жылы көрерменге жол тартады. Жоба “Астана” телеарнасының өзіндік оригинал контентін кеңейту және дамыту стратегиясы аясында жүзеге асырылуда.