$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Малайзияда нөсер мен көшкін салдарынан 11 адам қаза тапты

16.09.2025ж. 14:43
Малайзияда нөсер мен көшкін салдарынан 11 адам қаза тапты

Малайзияның Борнео аралындағы Сабах штатында жауған толассыз жаңбыр көшкінге ұласып, қайғылы жағдайға әкелді, деп хабарлайды Astana TV.

Төтенше оқиға Кота-Кинабалу қаласы маңындағы ауылдардың бірінде болды. Соңғы деректерге сәйкес, 11 адам қаза тапты, ал 1 788-ден астам тұрғын эвакуацияланды.

Аймақта 12 уақытша көмек көрсету орталығы ашылды.

Премьер-министр Анвар Ибрагим зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін қосымша 10 млн ринггит (шамамен 2,38 млн доллар) бөлінетінін мәлімдеді.