$539.54 €637.09 ₽6.52
×

"Инвесторлардың қызығушылығын арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау керек",-тұрғын

16.09.2025ж. 19:00
"Инвесторлардың қызығушылығын арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау керек",-тұрғын

Ел тұрғындары Президент Жолдауында көтерілген мәселелердің қай-қайсысы да маңызды дейді.  Тәрбие мен тазалықтан бастап, ел еңсесін тіктейтін инвестиция тарту, экономиканы арттыру, саяси реформалар - мемлекетті дамытудың жаңа кезеңіне бастайтын қадам саналады.

БЛИЦ:

- Негізгі қазір цифрландыру бағытында көшу керек, толықтай көшу керек деген тақырыптарды қозғағаны өте қатты ұнады. Біз осыған дейін де мұнай мен газ арқылы көптеген ақша тауып, экспорттап жатқанымыз баршаға мәлім. Дегенмен мұнай мен газдан бөлек, жасыл энергияға көңіл бөліп, басқа жақтан да қосымша ақша табуға болатынын көрсетті.

-  Мемлекет басшысының мына бір ойы қатты ұнады. Біз енді тарихты кім екенімізді білеміз, ал кім болатынымыз, қайда баратынымыз келешегіміз қандай деген мәселе өте маңызды. Жолдауда ұсақ-түйек жоқ. Ең бастысы - осы мәселелелердің барлығы жүзеге асатын болса, бұл тек қана азаматтық қоғамның ғана емес, жалпы қоғамдық пікір көшбасшыларының пікірі ғана емес, билік тұтқаларының ғана емес, барлығымыздың да міндетіміз болуы керек деп ойлаймын.

- Әйел адам мен әйел адамның бірін-бірі боқтап жату үлкен бір төмен дәреже деп ойлаймын. Себебі қазір әйел адамнан басталады ғой тәрбие. Әйел ана, әйел ұстаз. Сол себепті әйелдер бірінші өздерін тәрбиелеу керек. Қарапайым мектептің ішінде қыз балалар бірін-бірі боқтап, жаман балағат сөздер айтып сөйтіп сөйлесіп жатады. Оның бәрін қою керек деп ойлаймын.

- Біздің 7 ауданда киелі жерлер көп қой. Соның бәріне барайын десең, қайда екенін біледі, бірақ маршрут жоқ.  Жолы бар жерлер бар, қонып кететін, шәй ішіп кететін жері жоқ, сервистік қызмет жоқ. сервистік қызметі бар, жол жаман. Соның бірін реттеп берсе, жолдауды бір үлкен пункті ретінде қарау керек туризмді.

- Президенттің елімізге шетелдік инвестиция тарту мәселесі туралы айтқаны көңілімнен шықты. Себебі мұнайлы аймақ саналатындықтан Атырауда жұмыссыздықты болдырмау үшін, жаңа жұмыс орынын ашу, еңбек нарығын көтеру үшін  мұнай-химия саласында өңдеу өнеркәсібі дамыту маңызды.  Инвесторлардың қызығушылығын арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау керек деп есептеймін.