$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Оралда саяси көшбасшылар мектебі өз жұмысын бастады

16.09.2025ж. 19:00
Оралда саяси көшбасшылар мектебі өз жұмысын бастады

Оралда "Ақжайық  арулары" саяси көшбасшылар мектебі өз жұмысын бастады. Тың бастамаға AMANAT партиясының облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты ұйытқы болды. Облыс пен қаладан іріктеліп алынған 35 қатысушы кәсіби менторлар мен практик мамандардың дәрісін тыңдап, тәжірибелік тренингтерге қатысады. 3 күнге созылатын оқу бағдарламасында кәсіпкерлікпен айналысу, гендерлік саясат, көпшіліктің алдында сауатты сөйлеуге үйретуге ден қойылады. Сондай-ак өңірдегі көрнекті саяси кайраткерлермен кездесу өткізу де жоспарланған.

ГАУҺАР ШАЙХИНИЯЗОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Мемлекеттік қызметкерлер, білім саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер, сонымен қатар, ұлттық өнерді насихаттап жүрген аруларымыз бар. Ақжайық өңірінің арулары өздерінің басқарушылық, шешім қабылдау, стратегиялық және коммуникациялық дағдыларын қалыптастыруға арналған оқу бағдарламасынан өтетін болады.