$539.54 €637.09 ₽6.52
×

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысы Ордасы ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысы Ордасы ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті

Түркістан облысы Ордабасы ауданының он ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық шарасы ұйымдастырылды. 2 жарым мыңға жуық адам  көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан  тазартты, арамшөпті шапты.  Ағаш түптері әктеліп, арық-атыздар қалдықтар мен күзгі жапырақтардан тазартылды. 75 тонна күл-қоқыс шығарылды. Бұл бастама Ордабасы ауданы аумағында экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды деді ұйымдастырушылар. 

БАҚДӘУЛЕТ ЖАҚСЫБЕК ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Өз үйім өлең төсегім демекші, өз үйіңді таза ұстау ол әр азаматтың міндеті деп ойлаймын. Және де сол үшін біз осылай тазалық шарасына шығып жатқанымыз, кішігірім болсын көмегіміз тисін деп.

ОЛЖАС БОЛАТХАНҰЛЫ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл бір күндік шара емес. Бұл іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Әр апталарда бекітілген өзіміздің іс-шара жоспарымыз бар. Жалпы әр азамат өзінің туған елін, туған жерін таза ұстау азаматтық парызы деп санаймын.