$541.18 €636.05 ₽6.52
×

Тоқаев пәтерлерді аралап, халықпен кездесті

16.09.2025ж. 17:06
Тоқаев пәтерлерді аралап, халықпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді аралап көріп, реновация бағдарламасы аясында жаңа қонысқа көшіп келген отбасылардың бірімен әңгімелесті, деп хабарлайды Astana TV.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қалануда. Облыс орталығының аумағы 7 мың гектарға ұлғаяды.