Халықтың жалпы қарызы 26 триллион теңгеден асады, ал жүздеген мың отбасы үнемі күйзелісте өмір сүреді. Алған жалақысы төлемдерге жұмсалады, ал тұрмысы жаңа қарызбен жалғасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауатын арттырудың маңызы туралы айтты. Президент «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет екенін ерекше атап өтті. Партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев жоба мәселені бір реттік шарамен емес, жүйелі түрде шешіп отырғанына назар аударды. «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Дәулет Мұқаев бастаманың ауқымына және азаматтар алдындағы жоғары жауапкершілікке баса назар аударды. Оның айтуынша, биыл ақпан-тамыз айлары аралығында 110 мыңнан астам адам заңгерлік көмек алды.
ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Президент "Қарызсыз қоғам" жобасын бір емес, бірнеше рет айтып өтті. Ал енді кешегі Жолдауда арнайы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру маңызы, соның ішінде «Қарызсыз қоғам» жақсы жұмыс істеп жатыр деген кезде «AMANAT» партиясының бастамасымен дегенде, ал енді соның басы-қасында өзін жүргеннен кейін сондай сөздерді есту Президенттен есту мен үшін мәртебе және жауапкершілік. Себебі мұның артында миллиондаған азаматтардың қарыз жүктемесін азайту жоспарда тұр.