$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Алматыға жарты жылда 1 млн-нан астам турист келді

Алматыға жарты жылда 1 млн-нан астам турист келді

Алматы қаласы 2025 жылдың алғашқы алты айында туристер ағынының өсімін тіркеді. Қалаға 1,14 миллионнан астам саяхатшы келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға жоғары.
Туристердің ішінде:
323,5 мың шетелдік,
816,5 мың отандық саяхатшы бар.
Әсіресе Қытайдан келетін қонақтар саны айтарлықтай артқан. Биылғы жарты жылдықта Алматыға 54,1 мың қытайлық турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,4%-ға көп. Қытай азаматтары Үндістаннан кейінгі екінші орында тұр.

Туристердің алғашқы бестігіне сондай-ақ Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ, БАӘ және Германия кірді.