$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Атырауда аса ауыр қатыгездікпен адам өлтірген сантехник өмір бойына сотталды

Атырауда аса ауыр қатыгездікпен адам өлтірген сантехник өмір бойына сотталды

Атырауда жүкті келіншекті аса ауыр қатыгездікпен өлтірген  күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бүгін  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақ халқын дүр сілкіндірген оқиғаға  нүкте қойды. Оқиға  биыл сәуір айында болды. Шаһардағы «Француз кварталы»  тұрғын үй кешенінің  сантехнигі  келіншекті бірнеше жерден пышақтап, автокөлігін, ақшасы мен әшекей бұйымдарын сейфпен қосып алып кеткен.  Сорақысы сол, ол әйел қайтыс болғанын біле тұра, зорлық әрекетін  жасаған.  Марқұм сотталушымен таныс болған. Сантехник  автокөлік тұрағын сатып алып беретінін айтып, алдын-ала 400 мың теңге алған.  Алайда уәдесіне тұрмаған  соң мәселе шешілмесе, шағымданатынын ескерткен. Осыдан соң қылмысты жоспарлағанға ұқсайды.  Ол  бет-жүзін жасырып,  бетперде киіп, аса сақтықпен келген. Бірақ қарсы пәтердің есігінде бейнебақылау камерасы барын аңғармаса керек. Сол күні келіншектің үйіне сантехниктен басқа ешкім кірмеген.  Сот үкімін естіген марқұмның туыстары қол шапалақтап жіберді.

ЗАРЕМА ХАМИДУЛЛИНА. ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

ҚР Қылмыстық Кодексінің 58-бабыны 4-бөлігіне сәйкес, қылмыстарды жиынтығы  бойынша, Арман Маратұлы Жетпісовке  түкпілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.  Жазасын өтеу орны Арман Маратұлы Жетпісовке Қылмыстық атқару  жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі белгіленсін.  Жетпісовке тағайындалған бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.