$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Ұлттық қордағы қаржы қосымша инвестиция ретінде нарықтағы сұранысқа ие жобаларға бөлінуі мүмкін

Ұлттық қордағы қаржы қосымша инвестиция ретінде нарықтағы сұранысқа ие жобаларға бөлінуі мүмкін

Енді Ұлттық қордағы қаржы қосымша инвестиция ретінде нарықтағы сұранысқа ие жобаларға бөлінуі мүмкін. Яғни, елдің қаржы қалқаны тұрақты даму құралы болмақ. Бұл- Мемлекет басшысы өз Жолдауында басымдық берген бағыттардың бірі. Экономист Бауыржан Ысқақ бастама қордағы қаржының көбеюіне ықпал ететініне сенімді. Ол Ұлттық қорды құтқару жастығы емес, келер ұрпаққа қалатын аманат екенін ескеріп, ондағы капиталды тек табыс әкелетін саларға бағыттау керегін айтады. 

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Ол көмірсутекті азайтуға, жасыл экономиканың келуіне бағытталуы керек. Оның тиімділігіне әсер ететін фактор, ол жариялы түрде болуы керек. Ашықтығын қамтамасыз ету керек. Болашақта Ұлттық қорды көбейтетін көздерді қалыптастыруымыз керек. Қазірдің өзінде онық көлемі 64 млн доллардың шамасында. Президенттің тапсырмасы бар, 2029 жылға дейін 100 млн-ға жеткізу керек. Осы бағытта біз алғаннан қарағанда, оның активтерін көбейту бағытында жұмыстары атқаруымыз керек.