$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Егін шаруашылығына маңызды реформа жасалды

17.09.2025ж. 19:00
Егін шаруашылығына маңызды реформа жасалды

Былтыр ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 8 триллион 250 миллиард теңге болды.Мемлекет басшысы Жолдауда  осы салаға айрықша тоқталып,терең өңдеу өндірісін дамытуды, астық экспортының әлеуетін арттыруды тапсырды. Ел диқандары 12 миллион тонна бидайды сыртқа шығарады. Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығының  табысты сала екенін аңғартады.Тобыл-Торғай шаруалары қазірдің өзінде 2 млн. 524 мың тонна астық жинап үлгерді. Облыс бойынша бидайдың орташа өнімділігі гектарынан14,5 центнер. Бұл жақсы көрсеткіш дейді жергілікті диқандар.Ал салаға цифрлық технологияны, тәсілдерді  тездетіп енгізу арқылы егін және мал шаруашылығындағы өнімділікті еселеуге,сапалы қнім алуға мол мүмкіндік туады дейді ғалымдар.

ҒАЙНИЯ ЕСЕЕВА, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Бүгінгі күні егін шаруашылығы болсын,майлы дақылдарды өсіру, астықты өсіруде, оларды болжамдау жаңағы өнімділігін арттыруда , тиімділігін арттыруда ғылыми дәрежеде дәлелденген  нақты жеткістіктер бар. Шетелден әкелінген және басқа да өзіміздің ғалымдардың әзірлеп шешкен.Дегенмен де бүгінгі күні мысалы біз тыңайтқыштарды егу, дрондарды белгілі бір ақпараттық бағдарламаны пайдалану арқылы олардың тиімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.