$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауылға барып жұмыс істегісі келетін жас мамандарға мемлекет қолдау көрсетеді

Ауылға барып жұмыс істегісі келетін  жас мамандарға мемлекет қолдау көрсетеді

Атырау облысында ауылға барып жұмыс істегісі келетін  жас мамандар көбейген. Тек биыл  300-ден астам педагог ауыл мектебіне жұмысқа тұрған. Мәселен, Ақжар ауылында жаңадан ашылған мектепке былтыр екі жас маман жұмысқа келді. Ауылдық квота арқылы білім алған мұғалімдер ауыл ұстаздарынан үйреніп, тәжірибе шыңдаймыз,- дейді.

АРУЖАН ҚАДЫРБЕК, МҰҒАЛІМ:

Ақжар ауылына көркем еңбек пәнінен мұғалім керек дегеннен кейін конкурс арқылы  осы мектепке өттім. Өзім 1 жыл мектепте жұмыс жасадым. Қала мектептеріне қарағанда бізде, ауыл мектебінде қаражатта өзгерістер бар. Яғни, 25 пайыздық  ауылдық квота бізге қосылады.

АЭЛИТА АЗАМАТОВА, МҰҒАЛІМ:

Ауылдық жерде жұмыс жасаған жақсы. Қалаға қарағанда айылығы көп болады. 3 жыл грантты өтеп жатырмын. Биыл 2-ші жыл басталды.

Ауылдық квотадан бөлек, сұраныстағы мамандарға көтерме  жәрдемақы мен баспана  беріледі. Былтыр 55 мұғалім  көтерме жәрдемақы алса, тағы 10 педагогке пәтер алуға несие берілген. Айта кетейік, аймақта математика мамандығына сұраныс көп. Сондай-ақ физика, химия пәні мұғалімдері де керек. 

ЗУЛФИЯ МАҒЗОМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Өтінімді жергілікті жердегі әкімдіктерге беріледі. Барған маман тұрғын үйге несие және көтерме жәрдемақы өтініші арқылы ала алады.  Ол мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.  Ол бізде оның экономика басқармасынан алып отырған жыл сайын  көрсеткіштеріне байланысты  алып отырған жас мамандар бар. үйлі болып жатыр, көтерме жәрдемақыларын алып жатырған мамандар бар.