$541.01 €640.34 ₽6.52
×

«АМАNАТ» партиясы әдебиетке әрдайым көңіл бөліп келеді

AstanaTV
17.09.2025ж. 19:00
«АМАNАТ» партиясы әдебиетке әрдайым көңіл бөліп келеді

«АМАNАТ» партиясы шығармашықтан да шет қалмай, әдебиетке де әр кез көңіл бөліп келеді. Соның бір айғағы бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданында «Ұлт рухын ұлықтаған- Несіпбек Айтұлы» тақырыбында шығармашылық әдеби кеш өтті. Шара ақын, аудармашы, журналист «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлының 75 жылдығына орай ұйымдастырылған.  Оқушылар ақынның өнегелі өмірін еске алып, өлеңдерін жатқа айтты. Кітаптары көрмеге қойылды.  

ҚАСҚЫРБАЙ НАРБАТЫР, АҚЫН, ЖАЗУШЫ, КОМПОЗИТОР:

Айтовқа арнап шығармашылық кеш өткізіп жатыр. Үлкен көңіл бөлушілік болып жатыр "Кітап АМАНАТ" кітапханасында. Ылғи да осындай рухани іс-шаралар өтіп тұрады. Енді шын мәнінде бұған қатты мән берушілік бар. Яғни айтқанда партия біздің әдебиетті көтеріп отыр десе де болады осы жерде.