$541.01 €640.34 ₽6.52
×

Нигерияда Ласса безгегінен 162 адам қаза тапты

17.09.2025ж. 18:32
Нигерияда Ласса безгегінен 162 адам қаза тапты

Нигерияда жануарлардан адамға жұғатын қауіпті індет – Ласса безгегі таралып жатыр.

Елдің Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (CDC) мәліметінше, жыл басынан бері бұл дерттен 162 адам көз жұмған. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Хабарламадағы мәліметтерге сәйкес, дертті жұқтыру жағдайлары ел астанасы Абуджада ғана емес, тағы 21 штатта тіркелген.

-2023 жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында ауруды жұқтырудың 10 жаңа жағдайы тіркелген. Осылайша, 1 қаңтардан 31 тамызға дейін жалпы науқастар саны 871-ге, өлім-жітім  162-ге жетті, — делінген хабарламада.