Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен “Қарасора - 2025” жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының 76 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Тінту кезінде оның үйінің ауласынан 164 түп есірткі өсімдігі табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 96 келіден асты. Осылайша, көлік полицейлері есірткі жеткізу мен өткізудің ішкі арнасын тоқтатты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.