Президент Жолдауы -еліміздің дамуын айқындайтын құжат. Қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған,-дейді тұрғындар.
БЛИЦ:
- Жәрдемақылар мен жеңілдіктер көп. Бірақ оның кейбірі шын мұқтаж жандарға жеткіліксіз. Сондықтан Президентіміз айтқандай мемлекет бағдарламасы бойынша шын мұқтаж жандарға жеткізу үшін көп көңіл бөліп отыр. Электронды база болса, цифрлық жүйелерді пайдалану арқылы әділдік жүрсе деймін.
- Президентіміз әр өңірдің даму деңгейі біркелкі еместігін түсіндірді. Сондықтан облыс әкімдері әлеуметтік мәселелермен ғана емес, экономикаға да инвестиция тартумен айналысу тиіс екенін атап өтті. Бұл жұмыссыздықты азайту үшін жергілікті халыққа табыс әкелу секілді мәселелерді шешеді деп білемін.
- Жалпы бір заң шығарған кезде-халықтың қаржылық сауаттылығын ескеріп отырып шығарған дұрыс деп ойлаймын. Себебі қазіргі таңда көп жағдайда әлеуметтік жағдайдың төмендеп бара жатқаны қаржылық сауаттылықтың төмендігі.
- Таза Қазақстан жалпыұлттық жобасы туралы айтқаны қатты ұнады. Бұл жоба тек қана мына табиғатымызды қорғауға ғана емес, жалпы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталғандығы қуантады және де нақты нәтиже айтылғаны 100 деген мың гектар жер тазаланып, миллиондаған көшеттердің отырғызылғаны, нақты нәтижені көрсетіп отыр.