$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордада «Дипломмен ауылға» бағдарламасы маман тапшылығын жоюға сеп болуда

Қызылордада «Дипломмен ауылға» бағдарламасы маман тапшылығын жоюға сеп болуда

Қызылордада «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастардың жұмысқа орналасуына үлкен сеп болуда. Бағдарлама аясында ауылдарға қызмет етуге баруға ниеттілер де аз емес. Бұл бір жағынан үлкен қолдау, тәжірибе жинауға мүмкіндік дейді жоба шарапатын көрген мамандар.

Мая Рахмет Махамбет ауылдық амбулаториясында жалпы тәжірибелік дәрігер болып жұмыс істейді. 2022 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы естіп, құжат тапсырған екен. Мемлекеттен қолдау тауып, ауылдық жерге жұмыс істеуге келген. Учаскелік дәрігер жас болса да көптің алғысын арқалап, өзінің іскерлігін дәлелдеп үлгерді. Аталмыш бағдарлама маған мол мүмкіндік сыйлады дейді ол.

МАЯ РАХМЕТ, МАХАМБЕТ АУЫЛДЫҚ АМБУЛАТОРИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕРІ:

Жастарға аяқтан тұрып кетуге үлкен мүмкіндік. Жастарды ауылдық жерлерге жұмысқа тұруға шақырамын. Ауылдық жерлерде маман жетіспейді, тапшы. Ауылдық жердің артықшылығы жастарға үлкен тәжірибе жинауға көмек. Өйткені барлық қиын жағдайда ауылдық амбулатория алғашқы көмек көрсетеді. Осы жерде жұмыс істегеніме қуаныштымын.

Гүлдана Прмантаева да осы ауылдағы №143 мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді. Көп балалы ана бағдарламаның арқасында жұмысқа орнасып, үйлі болғанын айтады. Оған дейін пәтер жалдап тұрған ұстаз бағдарламаның шарапаты мол дейді.

 ГҮЛДАНА ПРМАНТАЕВА, №143 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

Бұл бағдарлама жастарға өте тиімді. Пайызы аз. Ешқандайда пайызсыз. Сол алған сумманы тек 15 жылға бөліп берді. Төлеуге де ыңғайлы. Айына 21 мыңнан. Қазір жастарға көп мүмкіндік берілген.

Ақсуат ауылдық округіне бағдарлама аясында жас мамандар көптеп келеді. 2024 жылы 34, былтыр 20 адам жоба игілігін көрген. Олардың дені білім мен денсаулық сақтау саласының мамандары.

НҰРБОЛАТ БАҚЫТҰЛЫ, АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ауылдық жерлерде кадр тапшылығн жою. Сосын ауылымыздың әл-ауқатын, экономикалық жағдайын арттыруға да өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Жас мамандарға біршама септігін тигізіп жатыр. Олай айтатын себебіміз тұрғын үймен қамтылып жатыр.

Бағдарлама жастарды ауылға баруға ынталандырады. Оларға әлеуметтік жағынан қолдау көрсетіп, жұмыспен қамтамасыз етеді. Оның тиімділігіне өміршеңдігі дәлел.