$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Биыл оралдық түлектердің 80% жұмысқа орналасты

18.09.2025ж. 19:00
Биыл оралдық түлектердің 80% жұмысқа орналасты

Биыл оралдық түлектердің 80% жұмысқа орналасты. Бүгінде осы өңірдегі 15 мыңнан астам студент 112 мамандық бойынша білім алып жатыр. Оқу орындарының өкілдері олардың жұмыссыз қалмасына сенімді. Себебі кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатқан әрі өзіне қажет маманды даярлауға мекемелердің өздері өтініш береді екен. Осылайша студенттер жергілікті кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Бұл компаниялар үздіктерді іріктеп, ұнағандарын болашақта маман ретінде өздеріне алып қалады.

ӘСЕЛ ҒАЛИАСҚАРОВА, ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

Заман талабына сай және жұмысшылардың талабына сай, жұмыси берушілердің талабына сай, біздерде жаңағы жаңа мамандықтар ашу жұмысы жылдан жылға жалғасып отыр. Біздерде өрт қауіпсіздігі мамандығы бар. Осы мамандыққа соңғы бес жыл бойы сұраныс үлкен болып тұр. Сонымен қатар, жаңағы құрылыс мамандығы және электрмен қамтамасыз ету мамандықтары бүгінгі таңда білім алушылардың тарапынан, талапкерлердің тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Облыста 4 мыңдай білім гранты бөлініп, басқа қалалардан келген студенттер жатақханамен қамтылған. Бұған қоса 4 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылыпты. Мұның бәрі жұмысшы жылы аясында қолға алынып отырған шаралар.

ЕКАТЕРИНА ЗАГРАНЮК, КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ:

Қазір құрылыс пен электрлендіру, мұнай-газ саласының мамандары, есепшілер керек. Демек осы кәсіпті меңгеріп жатқан замандастарым жұмыссыз қалмасына сенемін. Әрі Президент те қандай мамандықтың маңызды екенін айтып келеді.