$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы үздіксіз жалғасуда

«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы үздіксіз жалғасуда

«AMANAT» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық филиалының мүшелері «Таза бейсенбі» акциясына үлес қосты. Олар ауданға кірер қақпаның айналасын қоқыстан тазалап, арам шөптерін жұлды. Талдар мен бордюрді әктеді. Мұндағы мақсат «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қосып, тазалық мәдениетін қалыптастыру дейді ұйымдастырушылар.

АХАН КЕНЖЕБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Акцияның мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Адал адам, адал еңбек, адал табыс құндылықтарын дәріптеу. Сондай-ақ, қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау. Бүгінгі эко акция табиғатқа жанашырлықпен қарайтын азаматтардың ортақ ісі.

«AMANAT» партиясының Жамбыл облысындағы Байзақ аудандық филиалы да ауқымды шараға атсалысты. Қолына қап ұстаған 100-ден астам табиғат жанашыры  саябақ пен Сарыкемер және Түймекент ауылдары арасындағы жолдың бойын күл-қоқыстан тазартты. Биыл аудан аумағынан  32 тоннаға жуық қалдық жиналған.

ҚҰРАЛАЙ ҮКІБАЕВА, БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Еліміздің, өңіріміздің әрбір тұрғыны, азаматы тазалықты сақтау мәдениетін бойына сіңіріп алу, оны келешек ұрпаққа да үйретіп осы тазалықты экологиялық жағынан болсын жалпы адами жағынан болсын бойына сіңіріп қалыптастыру ол міндетіміз.