$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мектептерде ашық тәрбие сағаттары өтті

Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында мектептерде ашық тәрбие сағаттары өтті

«Таза қала, таза аула, таза үй». Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар білім беру ұйымдарында да кең көлемде жүргізілуде. Бүгін  №135  мектепте тазалыққа үндейтін тәрбие сағаты өтті.   4-сыныптың оқушылары  үш топқа бөлініп, өз үйін ғана емес, айналаны да таза ұстауға қатысты өз ойларын ортаға салды. Оқушылар гүл егуден бастап, қоқыс сұрыптауға дейін үлес қосты. Мектеп оқушылары сабақ аясында Жер анамен де жүздесіп, оны қадірлеу керектігін ұғынды. 

АҢСАР ЕЛАМАН, ОҚУШЫ:

Апайлар бізге қоқыс тастама, сабағыңды дұрыс оқы деп үйретеді. Ал далаға мусор тастап, енді өсіп келе жатқан гүлдерді баспау қажет. Гүл –көмірқышқыл газды жұтып, оттегі ауа шығарады. 

САЛТАНАТ ТҰРДАНОВА, СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ:

Сыныбымыздың ұраны: Тазалық, тәртіп, білім. Біз ең бірінші тәртіпті қоямыз. Екінші-тазалықты, кейін бізде білім сыныбымызда. Себебі тәртіпсіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ал тазалық ең бірінші денсаулықтың байлықтың белгісі.