Қазақстандықтар
желтоқсан айында 13 күн демалады. Желтоқсанның 1-і - Тұңғыш Президент күні. Ол
жұмаға сәйкес келеді. Сенбі-жексенбіні қосқанда 3 күн қатарынан демалыс. Одан
кейін Қазақстан Тәуелсіздігінің күні. Ұлттық мереке сенбі, жексенбіге сай
келгендіктен, қазақстандықтар сейсенбіге дейін, яғни 18-іне дейін 4 күн
қатарынан демалады. 31-ші желтоқсан - жексенбі. Жаңажылдық мейрам қаңтардың 2-сіне
дейін жалғасады. 3 қаңтар жаңа жылдың алғашқы жұмыс күні болып белгіленген.