Алдағы 20-30 жылда Жер бетіндегі адам саны 1,5 миллиардқа артады, деп хабарлайды Astana TV.
Сөйтіп, адамзат 2064-ші жылды 9 млрд 700 млн межемен түйіндемек.
Сарапшылар содан кейін халық өсімі баяулайды деп болжайды. Тіпті келесі ғасырдың басында жер бетіндегі демографиялық ахуал ушығады дейтіндер бар.
БҰҰ-ның дерегі бойынша 2100-ші жылға қарай әлемде қарт кісілер көбейіп, халық саны 1 миллиардқа азаяды. Әлемнің 183 елінде бала туу рекордтық көрсеткішке дейін төмендейді.