$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алимент төлеуден жалтарған 33 адам сотталды

19.09.2025ж. 12:03
Алимент төлеуден жалтарған 33 адам сотталды

 

Алматы облысында балаларын асыраудан бас тартқан азаматтарға қатысты қатаң шаралар қабылданды, деп хабарлайды Astana TV.

Прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері 3,5 млрд теңге көлемінде алимент өндірілген.

ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша 50 борышкер қылмыстық жауапқа тартылған.

Оның ішінде 33 адам сотталып, 17 іс қарызды ерікті түрде өтеуге байланысты тоқтатылған. Мәселен, аудандық сот борышкер «А»-ға қатысты үкім шығарып, оның 2,1 млн теңге қарызы үшін бір жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ер адам екі жылдан астам уақыт бойы баласын асырау жөніндегі міндетін орындамаған. Сонымен қатар, алименттен жалтарған 108 борышкер әкімшілік қамауға алынған.