$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қоқыс полигонындағы өрттен Алматыда ауа сапасы нашарлады

19.09.2025ж. 12:30
Қоқыс полигонындағы өрттен Алматыда ауа сапасы нашарлады

Алматыда соңғы екі күнде ауа сапасы нашарлап, зиянды заттардың мөлшері артқаны байқалды, деп хабарлайды Astana TV.

Сарапшылардың дерегінше, ең жоғары көрсеткіш 15 қыркүйек күні түскі сағат 12:00-ден бастап, 17 қыркүйек таңғы 09:00-ге дейін тіркелген. Дәл осы уақытта Алматы облысындағы қоқыс полигонында өрт шығып, желдің әсерінен қою түтін қала аумағына тараған.

Қазіргі уақытта мегаполисте ауаны бақылайтын 16 станция үздіксіз жұмыс істеп тұр. Олар әр 20 минут сайын сынама алып, нәтижелерін онлайн жүйеге жолдайды. Егер көрсеткіш нормадан асып кетсе, мәліметтер Экология департаментіне жіберіледі. Мамандардың айтуынша, Алматыдағы ауа сапасы қазір тұрақты. Соңғы күндері жауған жауын-шашынның арқасында жағдайдың жақсара түсуі күтілуде.