Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау бөлімінің бастығы Асылбек Алияр қалалық прокуратура отбасындағы зорлық-зомбылықпен қалай күресіп жатқаны туралы мәлімет берді.
— 2025 жылдың басынан бері отбасы-тұрмыстық салада 85 заң бұзу фактісі тіркелді. Оның ішінде 21 қылмыстық іс сотқа жолданды. 64 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. Статистикаға жасалған талдау жағымды динамика бар екенін көрсетеді. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған қылмыс саны былтырғыдан азайды. Бұл көрсеткіштер заңдағы жаңашылдықтардың жұмыс істей бастағанын көрсетеді, — деді ол.
Прокуратура өкілі сөзіне мысал да келтірді.
— Мысалы, бұрынғы зайыбына жеті жыл бойы физикалық, психикалық зардап тигізіп, азаптап келгені үшін бұрынғы күйеуі бір жылға бас бостандығынан айырылды, — деді Асылбек Алияр.