$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауғаныстанда әйелдерге кітап оқуға тыйым салынды

19.09.2025ж. 15:25
Ауғаныстанда әйелдерге кітап оқуға тыйым салынды

Ауғанстанда «Талибан» билігі оқу бағдарламасынан 680-ге жуық кітапты алып тастады, деп хабарлайды Astana TV.

Оның ішінде 140 еңбек әйелдерге тиесілі. Тыйым салынған еңбектер «шариғатқа және жүйе саясатына қайшы» деп танылған. Тізімде ғылыми еңбектер де бар, мысалы, «Химия зертханасындағы қауіпсіздік» атты кітап және 18 пәндік оқулық.

Олардың алтауы тікелей әйелдер тақырыбына арналған:

  • «Гендер және даму»
  • «Әйелдердің коммуникациядағы рөлі»
  • «Әйелдер социологиясы»

Жаңа ереже тамыз айының соңында күшіне енді. Бұл шешім – тәліптердің білім беру саласына енгізген шектеулерінің жалғасы.

Бұған дейін қыздарға 6-сыныптан жоғары оқуға тыйым салынған, ал 2024 жылы акушерлік курстар жабылған болатын.