$541.34 €640.73 ₽6.53
×

QR-код төлемдерінің көлемі рекордтық деңгейге жетті

19.09.2025ж. 22:12
QR-код төлемдерінің көлемі рекордтық деңгейге жетті

Бұл Қырғызстандағы жағдай, деп хабарлайды Astana TV.

Ұлттық банктің мәліметінше, ELQR жүйесіне қазір 20 коммерциялық банк пен 14 төлем ұйымы қосылған, сондай-ақ 32 мобильді қосымша жұмыс істейді.

Елде 15 миллионнан астам есепшот, 9,8 миллион банк картасы, 3,5 миллион сәйкестендірілген электронды әмиян және 3 миллион мобильді агенттік қосымшалар қызмет көрсетеді.

Тек 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында QR-код арқылы төлемдердің рекордтық сомасы – 274,9 миллиард сомға жасалды.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (13,8 млрд сом) 19,9 есе көп.

Өсім бүкіл республика бойынша 80,5 мыңнан астам сауда нүктелерінде QR-кодтарды кеңінен енгізу есебінен қамтамасыз етілді.