$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жүргізуші мас күйде жүк көлігін айдаған

19.09.2025ж. 17:45
Жүргізуші мас күйде жүк көлігін айдаған

Семей қаласында полицейлер мас күйде көлік жүргізген жүк көлігінің жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Astana TV.

Жүргізуші "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қалаға кіреберісте тоқтатылды.

Патрульдік полиция инспекторының бейнетіркегішіне түсірілген кадрларда ер адамның аяғынан әрең тұрғаны және медициналық куәландырудан өтіп жатқаны көрінеді. Жүргізуші жауапқа тартылып, іс материалдары сотқа жолданды. Оған 15 тәулікке қамау және жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Көлік айыптұраққа қойылды. Абай облысы полиция департаменті қаладағы өткір проблемалардың бірі — айналма жолдың жоқтығы екенін атап өтеді. Семей арқылы өтуге мәжбүр болған ауыр жүк көліктері жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіруде.

Әсіресе жаяу жүргіншілердің шоғырланған жерлерінде апаттар жиі болады. Соған қарамастан, 2025 жылдың сегіз айында облыста: 676 жол-көлік оқиғасы тіркелді (2024 жылмен салыстырғанда –13,8%), 1038 адам жарақат алды (–5,4%).