Күдіктілердің үйлерін тексеру кезінде 9 дана бекіре балығы (56,8 келі) және 500 грамм уылдырық табылды, деп хабарлайды Astana TV.
Сондай-ақ олардың автокөлігінен 1,6 келі бекіре балығы мен 500 грамм уылдырық тәркіленді.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот үкімі шыққанға дейін күдіктілер кінәлі деп танылмайды.