$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Декретке миллионмен: Қызылордада жүкті әйелдерге заңсыз төлем алып бергендер сотталды

Декретке миллионмен: Қызылордада жүкті әйелдерге заңсыз төлем алып бергендер сотталды

Жүкті әйелдерге заңсыз төлем алып берумен айналысқандар сотталды. Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметінше, қос азаматша әлеуметтік желі арқылы декретке миллионмен шығарамыз деп жарнамалаған. Солайша, заңсыз схема ұйымдастырып, жүкті әйелдерді белгілі бір кәсіпкердің жалдамалы қызметкері ретінде жалған көрсеткен. Бұл жағдайдан кәсіпкерлердің өздері хабарсыз болған. Ал бухгалтер мамандар олардың атына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударып отырған. Солайша, 34 адамға жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын заңсыз рәсімдеген. Тергеу барысында олардың кінәлары толық дәлелденді дейді мамандар.

НҰРСӘУЛЕТ АЛТЫНБЕК, ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Заң талаптарына сәйкес сот үкімімен күдіктілердің біріне ҚР ҚК 190-бабымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, ал екіншісіне 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жалпы саны 15 млн 760 мың теңге мемлекеттен заңсыз бөлінген деп танылып, қазіргі таңда толықтай қалпына келтірілген.