$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Электросамокаттың кесірінен 173 адам жарақат алды

19.09.2025ж. 19:00
Электросамокаттың кесірінен 173 адам жарақат алды

Елде электросамокаттан келетін қауіп сейілмей тұр. Биылдың өзінде қос дөңгелекті көліктің қатысуымен 360-тан астам жол апаты болған. Сондықтан бұл мәселеге келгенде қоғам пікірі екіге жарылды. Кейбірі бұны мүлдем алып тастау керек деп санайды. Өйткені, самокат мінгендер тәртіпке бағынбай, жүйткитін болған. Соның кесірінен биыл бір адам, өткен жылы 4 адам опат болыпты. Ал енді бір топ самокатқа арналған арнайы жолақ қарастырылуы керек – дейді.

БЛИЦ:

- Әрине, қауіпті самокаттар. Негізі отделение линия керек. Немесе мүлдем алып тастау керек. Өйткені, машиналармен қарбаласып, мынандай ситуациялар болады авария дегендей.

- Бізде вообще жол жоқ. Велодорожка жоқ. Действительно қиындау. Енді оны дұрыс қарастыруына тілектеспіз. Алып тастау обал оларға да. Оларда қаншама қаражат вложение жасады. Қазір алып тастағанда олар не істейді.

- Транспорт болмаса, машина болмаса, автобус болмаса движение болу керек ғой басқа. Менің ойымша, керек олар. Бізде мысалы төрт жүз мың адам осы қалада өмір сүреді. Төрт жүз адамда жоқ ғой машиналары. Автобус болады полный. 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің дерегінше, соңғы 1 жылда көліктің бұл түрі қатысқан жол апаттары екі есе ұлғайған. Өткен жылы 64 жағдай тіркелсе, биыл бұл 360-қа өскен. Салдарынан 173 адам жарақат алған. Оның  басым көпшілігі -бала. Бұл мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та алаңдаушылық білдіріп,  электросамокаттарға қатысты заңды күшейтуді тапсырды. Осыдан 2 жыл бұрын самокаттармен жаяу жүргіншілер жолағында жүруге тыйым салынған. Алайда, бұл  да электр жетекті көлікті тізгіндейтіндерге тұсау сала алмады.