$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Қоғамдық тәртіпті сақтау - тек заң аясындағы жауапкершілік емес",-тұрғын

AstanaTV
19.09.2025ж. 19:00
"Қоғамдық тәртіпті сақтау - тек заң аясындағы жауапкершілік емес",-тұрғын

Президент Жолдауындағы әрбір мәселе -өзекті.  Көпшілік мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды қолдайтынын және еліміздің болашағына сеніммен қарайтынын айтады. 

БЛИЦ:

-Тек мемлекет емес біз өзімізден бастауымыз керек. Жол ережесін бұзбауымыз керек. Мемлекетке біз бір жағынан өзіміз жәрдем болып, Заң мен тәртіп қағидасын мемлекет басшысы айтқандай, соның орындалуына біз де атсалысуымыз керек. Сол кезде өңірімізде жалпы елімізде заң бұзушылықтар азаяр еді деп ойлаймын.

- Қоғамдағы болып жатқан жағдайлардың бәріне заң мен тәртіп мықты болу керекқой. Заң қанша өзінің үстемдігін көрсетсе, мықты болса интернет алаяқтары да азаяды деп ойлаймынше.

- Заң болмайынша тәртіп болмайынша ел болмайды. Мысалға, біздің негізгі мақсатымыз заң білетін қоғам дайындау. Егер қоғам заңды жақсы білетін болса, онда тәртіп те болады. Ұрыс керіс, дау-дамайларды әлеуметтік желі арқылы біз күнделікті байқап жүрміз. Осының бәрі неден болады? Заңды қарапайым елдің білмейтіндігінен.

- Қоғамдық тәртіпті сақтау тек қана заң аясындағы жауапкершілік  емес. Оны өзіміз саналы жастар ретінде саналы адам ретінде ұғына білсек, онда бізде қазіргі қоғамға кері әсерін тигізіп жатқан үлкен дүниелер болмайтын еді. Сол үшін де заңға бағынып тәртіпке бас иіп жүрсек, біздің алатын орнымыз ерекше болмақ.

- Таза Қазақстан болу үшін әрқашан да өзіміздің артымыздан қоқыстарымызды шашпай әрқашан тазалап, сенбіліктерге шығып тұру керек.

- Қоршаған ортаны қорғау әр отбасынан басталуы керек деп ойлаймын. Келешек ұрпаққа өзіміздің қалдыратын мұрамыз болуы керек қой. Соны осы табиғатымызды, тала қаламызды мұра қылып қалдыруымыз керек.

- Жастар көбінесе ешқандай осындай қағазды тастамаса екен деймін. Ең бастысы сол мәселе. Енді біз күшіміз жеткенше көмектесеміз қаланы тазартуға.